13 жасқа (немесе еліңізде белгіленген жасқа) толмаған балалардың Family Link арқылы басқарылатын Google аккаунттары мен профильдеріне арналған Құпиялық мәлімдемесі ("Құпиялық мәлімдемесі")

Балаңызға жеке Google аккаунтын немесе профилін ашқыңыз келсе, осы Құпиялық мәлімдемесінде және Google Құпиялық саясатында сипатталғандай балаңыз туралы ақпаратты жинау, пайдалану немесе мәлімдеу үшін сіздің рұқсатыңыз қажет болуы мүмкін. Балаңызға қызметтерімізді пайдалануға рұқсат бергенде, сіз балаңызбен бірге тиісті ақпаратты бізге сеніп тапсырасыз. Бұл үлкен жауапкершілік екенін түсіне отырып, жеке ақпаратыңызды қорғауға күш саламыз және оны өз бақылауыңызға береміз. Интернет пен қолданбаларды пайдалану тарихы, YouTube тарихы және пайдалануға болатын аймақтарда белгілі бір Google қызметтерін байланыстыру сияқты параметрлерді пайдалануы үшін балаңызға әрекеттерді басқару элементтерін реттеу рұқсатын бере аласыз.

13 жасқа (немесе еліңіздегі кәмелеттік жасқа) толмаған балалардың Family Link арқылы басқарылатын Google аккаунттары мен профильдеріне арналған осы Құпиялық мәлімдемесінде және Google Құпиялық мәлімдемесінде Google-дың құпиялыққа қатысты ережелері түсіндірілген. Балаңыздың аккаунтына не профиліне арналған, мысалы, жарнама мазмұнындағы шектеулерге қатысты шарттар болса, сол айырмашылықтар осы Құпиялық мәлімдемесінде көрсетіледі.

Бұл Құпиялық мәлімдемесі бала пайдалануы мүмкін үшінші тарап (Google өнімі емес) қолданбаларына, әрекеттеріне және веб-сайттарына қолданылмайды. Балаңызға қолайлы болу жағын, оның ішінде дерек жинау және пайдалану шарттарын анықтау үшін үшінші тарап қолданбаларына, әрекеттері мен веб-сайттарына қатысты шарттар мен саясаттарды қарап шығуыңыз керек.

Біз жинайтын ақпарат

Балаңызға Google аккаунтын не профилін ашуға рұқсат берген соң, оның аккаунтынан не профилінен өзіңіздікі сияқты ақпарат жиналатын болады. Біз жинайтын ақпарат мысалы:

Сіз және балаңыз жасайтын не ұсынатын ақпарат.

Аккаунт не профиль жасау процесінде аты-жөніңіз, электрондық мекенжайыңыз және туған күніңіз сияқты жеке ақпарат сұралуы мүмкін. Онлайн байланыс мәліметтері сияқты сіз не балаңыз ұсынған ақпаратты жинаймыз. Бұл ақпарат сізге хабарласып, келісіміңізді сұрау үшін қажет. Сондай-ақ балаңыз өз аккаунтын не профилін пайдалану кезінде (мысалы, Google Photos-ға суретті сақтағанда немесе Google Drive-та құжат рәсімдегенде) жасаған, жүктеп салған немесе басқалардан алған ақпарат жиналады.

Балаңыз қызметтерімізді пайдаланған кезде жиналатын ақпарат.

Балаңыз Google Search-ке немесе Gemini-ға сұрау енгізгенде, Google Assistant-ке пәрмен бергенде немесе YouTube Kids-де бейне көргенде, ол пайдаланатын қызметтер және баланың оларды қалай пайдаланатыны туралы ақпарат автоматты түрде жиналып, сақталады. Бұл ақпаратқа мыналар кіреді:

  • Баланың қолданбалары, браузерлері және құрылғылары

    Балаңыз Google қызметтеріне кіру үшін пайдаланатын қолданбалар, браузерлер және құрылғылар туралы ақпарат, оның ішінде бірегей идентификаторлар, браузер түрі мен параметрлері, құрылғы түрі мен параметрлері, операциялық жүйе, мобильдік желі ақпараты, оператор атауы, телефон нөмірі және қолданба нұсқасының нөмірі жиналады. Сондай-ақ балаңыздың қолданбаларының, браузерлері мен құрылғыларының қызметтерімізбен өзара байланысы туралы ақпарат, оның ішінде IP мекенжайы, бұзылу туралы есептер, жүйе әрекеттері, күн және уақыт, балаңыздың сұрауы бойынша сілтеме жасалған URL мекенжайы жиналады. Бұл ақпарат, мысалы, балаңыздың құрылғысындағы Google қызметі серверлерімізбен байланысқанда, Play Store-дан қолданба орнатқанда жиналады.

  • Баланың әрекеттері

    Біз баланың қызметтеріміздегі әрекеттері туралы ақпаратты жинап, баланың орнатқан параметрлеріне сәйкес оған Google Play-де ұнауы мүмкін деген қолданбаларды ұсыну үшін пайдаланамыз. Балаңыздың әрекеттерді басқару элементтерін реттеу мүмкіндігін таңдай аласыз. Балаңыздың әрекеттері туралы біз жинайтын ақпаратқа ізделетін сөздер, көрген бейнелер, аудио функцияларын пайдаланған кездегі дауыс және аудио ақпараты, байланыс жасаған немесе контентті бөліскен адамдар және Google аккаунтымен синхрондалған Chrome браузерін қолдану тарихы кіруі мүмкін. Балаңыз қоңырау шалу және қабылдау немесе хабар алмасу үшін қызметтерімізді, мысалы, Google Meet қызметін пайдаланса, телефония журналындағы ақпарат жиналуы мүмкін. Балаңыз аккаунтында немесе профилінде сақталған әрекеттері туралы ақпаратты тауып, реттеуі үшін өзінің Google аккаунтына кіре алады. Сондай-ақ балаңыздың Google аккаунтына немесе оның Family Link-тегі профиліне кіріп, реттеуге көмектесе аласыз.

  • Балаңыздың геодерегі

    Балаңыз қызметтерімізді пайдаланғанда, оның геодерегі жиналады. Балаңыздың геодерегі GPS, IP мекенжайы, құрылғыдағы датчик деректері арқылы, сондай-ақ Wi-Fi кіру нүктелері, базалық станция және Bluetooth қосылған құрылғылар сияқты маңайдағы нәрселер туралы ақпарат арқылы анықталады. Жиналатын геодерек түрлері параметрлерге және балаңыздың құрылғыларына ішінара тәуелді.

  • Балаңыздың дауыстық және аудио ақпараты

    Балаңыздың дауыстық және аудио ақпаратын жинауымыз мүмкін. Мысалы, егер бала дауыспен іске қосу пәрмендерін ("Ok Google" немесе микрофон белгішесін түрту сияқты) пайдаланса, оның сұрауына жауап беру үшін тиісті сөз/аудио жазылады. Бұған қоса, балаңыздың "Интернет пен қолданбаларды пайдалану тарихы" параметріндегі Дауыс пен дыбысты пайдалану тарихы тармағы таңдалып тұрса, аккаунтқа кірген құрылғыда оның Assistant-ке сөйлеген сөздері (сондай-ақ сөйлегенге дейінгі бірнеше секунд) аккаунтқа сақталуы мүмкін.

Балаңыздың ақпаратын жинап, сақтау үшін әртүрлі технологияларды, оның ішінде cookie файлдарын, пиксель тэгтерін, браузер веб-жады немесе қолданба деректерінің кэштері сияқты жергілікті жад түрлерін, сондай-ақ дерекқорлар мен сервер журналдарын пайдаланамыз. Балаңыздан осы аккаунттар не профильдер үшін қолжетімді Google өнімдері мен қызметтерін пайдалануға қажетті ақпараттан басқа жеке ақпарат талап етілмейді.

Жиналған ақпаратты қалай пайдаланамыз

Google-дың Құпиялық саясатында балаңыздың Google аккаунтына не профиліне қатысты Google жинайтын деректердің пайдаланылу жолдары егжей-тегжейлі түсіндірілген. Балаңыз жайлы ақпарат негізінен мынадай мақсаттарға пайдаланылады: қызметтерді ұсыну, қолдану және жақсарту; жаңа қызметтерді әзірлеу; қызметтерді балаңызға арнап реттеу; қызметтердің жұмысын сараптап, олардың қалай қолданылатынын түсіну; қызметтер жайлы баланың пікірін білу; қызметтердің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру.

Аталған мақсаттарға орай балаңыздың ақпаратын өңдеу үшін әртүрлі технологияларды қолданамыз. Бейімделген іздеу нәтижелерін ұсыну немесе қызметтерді қолдану деректеріне негізделген басқа да функцияларды ұсыну үшін балаңыздың контентін немесе әрекеттестігін талдайтын автоматты жүйелерді пайдаланамыз. Спамды, зиянды бағдарламаны және заңсыз контентті анықтау үшін де балаңыздың контентін талдаймыз. Сондай-ақ деректердегі үлгілерді тану үшін алгоритмдерді қолданамыз. Жүйелерден саясатымызға қайшы спам, зиянды бағдарлама, заңсыз контент және басқа ереже бұзу түрлері анықталғанда, оның аккаунтын не профилін тоқтатамыз немесе басқа тиісті шара қолданамыз. Кейбір жағдайда ереже бұзу туралы тиісті мекемелерге хабарлауымыз мүмкін.

Балаңыздың ақпаратын параметрлеріне қарай ұсыныстар беру, жекелендірілген контент және бейімделген іздеу нәтижелерін ұсыну үшін қолданамыз. Мысалы, балаңыздың параметрлеріне қарай Google Play балаңыз орнатқан қолданбалар сияқты ақпаратты пайдаланып, оны қызықтыруы мүмкін жаңа қолданбалар ұсынады.

Сонымен қатар балаңыздың параметрлеріне қарай жоғарыда сипатталған мақсаттар үшін біз жинайтын ақпаратты қызметтеріміз бен балаңыздың құрылғылары арасында біріктіре аламыз. Балаңыздың аккаунтының не профилінің параметрлеріне қарай оның басқа сайттар мен қолданбалардағы әрекеттері Google қызметтерін жақсарту мақсатында оның жеке ақпаратымен байланыстырылуы мүмкін.

Google балаңызға жекелендірілген жарнамалар көрсетпейді, яғни жарнамалар балаңыздың аккаунтынан немесе профилінен алынған ақпаратқа негізделмейді. Оның орнына жарнамалар балаңыз қолданған веб-сайттың не қолданбаның контентіне, ағымдағы іздеу сұрауына немесе жалпы геодерекке (қала немесе облыс сияқты) негізделуі мүмкін. Балаңыз интернетті шолу немесе Google-ға тиесілі емес қолданбаларды пайдалану кезінде басқа (Google емес) жарнама берушілер ұсынған жарнамаларды, оның ішінде үшінші тараптар жекелендірген жарнамаларды көруі мүмкін.

Балаңыз бөлісе алатын ақпарат

Балаңыз Google аккаунтына не профиліне кіріп, тиісті ақпаратты, оның ішінде фотосуреттерді, бейнелерді, аудионы және геодеректі басқалармен ашық түрде бөлісе алады. Балаңыз ақпаратты ашық түрде бөліскенде, оны Google Search сияқты іздеу жүйелері арқылы пайдалануға болады.

Google бөлісетін ақпарат

Жиналған ақпарат шектеулі жағдайларда Google-дан тыс жіберілуі мүмкін. Келесі жағдайларды қоспағанда жеке ақпарат Google-дан тыс компанияларға, ұйымдар мен жеке тұлғаларға берілмейді:

Келісіммен

Жеке ақпаратты Google-дан тыс бөлісу үшін тиісті келісім қажет.

Отбасылық топпен

Балаңыздың жеке ақпараты, оның ішінде аты-жөні, фотосуреті, электрондық мекенжайы және Play арқылы сатып алған өнімдері Google-дағы отбасылық топтың басқа мүшелеріне көрінуі мүмкін.

Сыртқы қолданыс үшін

Жеке ақпарат осы Құпиялық мәлімдемесіне, Google Құпиялық саясатына және басқа да тиісті құпиялық пен қауіпсіздік шараларына сәйкес, нұсқауларымызға қарай өңдеу мақсатында үлестес тұлғаларға немесе өзге сенім білдірілген компаниялар мен адамдарға беріледі.

Құқықтық себептер үшін

Жеке ақпарат Googlе-дан тыс компанияларға, ұйымдарға не жеке тұлғаларға мұндай ақпаратты қолдану, сақтау немесе жариялау шынымен қажет болған келесі жағдайларда ғана беріледі:

  • қолданыстағы заңды, ережелерді, құқықтық процесті орындау немесе үкіметтік мекемелердің сұрауына жауап беру үшін;

  • қолданыстағы Қызмет көрсету шарттарын орындау, оның ішінде ықтимал ереже бұзу жайттарын тергеп-тексеру үшін;

  • алаяқтықты, қауіпсіздікке қатысты не техникалық мәселелерді анықтау, олардың алдын алу немесе басқа шаралар қолдану үшін;

  • Google-дың, пайдаланушылардың немесе басқалардың құқығына, мүлкіне не қауіпсіздігіне зиян келтіруден заңда көрсетілгендей тиісті түрде қорғау үшін.

Сондай-ақ жеке тұлғаны анықтауға жатпайтын ақпаратты (мысалы, қызметтерді жалпы пайдалану трендтерін) жарнама берушілер, жариялаушылар, әзірлеушілер немесе құқық иелері сияқты серіктестермен ашық түрде бөлісуіміз мүмкін. Мысалы, қызметтерді жалпы пайдалану трендтерін көрсету үшін тиісті ақпаратты ашық түрде бөлісеміз. Бұған қоса кейбір серіктеске жарнамалау және зерттеу мақсатында өз cookie файлдарын немесе осыған ұқсас технологияларды пайдаланып, браузерлерден не құрылғылардан ақпарат жинауға рұқсат береміз.

Балаңыздың жеке ақпаратын көру

Балаңызда Google аккаунты болса, оған кіріп, балаңыздың деректерін көруге, жаңартуға, өшіруге, экспорттауға болады, сондай-ақ ондай мәліметті өңдеуге тыйым сала аласыз. Құпия сөзді білмесеңіз, оны Family Link қолданбасы немесе сайттағы Family Link параметрлері арқылы қайта орнатуға болады. Аккаунтқа кірген соң, Google Құпиялық саясатында сипатталған әртүрлі басқару элементтерін, мысалы, Google-дағы әрекеттерді басқару элементтерін пайдаланып, балаңыздың құпиялық параметрлері мен ақпаратын басқаруға көмектесе аласыз.

Балаңызда профиль болса, Family Link қолданбасы немесе сайттағы Family Link параметрлері арқылы балаңыздың ақпаратын пайдалана, жаңарта, өшіре, экспорттай және өңдеуді шектей аласыз.

Балаңыз "Әрекеттерім" бөлімінен бұрынғы әрекеттер тарихын жоя және әдепкісінше үшінші тараптарға қолданба рұқсаттарын (оның ішінде құрылғы геодерегін, микрофонды немесе контактілерді пайдалану рұқсатын) бере алады. Сіздің де Family Link-ті пайдаланып, балаңыздың Google аккаунтындағы не профиліндегі ақпаратты өзгертуге, қолданбаны пайдалану ұзақтығы мен қолданба рұқсаттарын тексеруге, балаңыздың өзі жайлы ақпаратты қолданбалардың не үшінші тарап қызметтерінің пайдалануына рұқсат беру құқығын басқаруға мүмкіндігіңіз бар.

Егер кез келген уақытта балаңыздың ақпаратын одан әрі жинауды немесе пайдалануды тоқтатқыңыз келсе, Family Link қолданбасындағы немесе интернеттегі Family Link параметрлеріндегі балаңыздың аккаунты немесе профилі туралы ақпарат бетінде "Аккаунтты жою" не "Профильді жою" түймесін басу арқылы оның Google аккаунтын немесе профилін жоя аласыз. Балаңыздың аккаунтындағы не профиліндегі ақпарат белгілі бір уақыттан кейін біржола жойылады.

Бізге хабарласу

Балаңыздың Google аккаунты не профилі туралы қандай да бір сұрақтарыңыз болса, бізге хабарласыңыз. Көмектесуге әрқашан дайынбыз. Family Link және балаңыздың Google аккаунты не профилі туралы қосымша ақпаратты Анықтамалық орталықтан қараңыз. Сондай-ақ Family Link қолданбасында "Мәзір ☰ > Анықтама және пікір > Пікір жіберу" тармағын түрту арқылы немесе электрондық пошта мекенжайымызға немесе төмендегі мекенжайға жазу арқылы Family Link және балаңыздың Google аккаунты не профилі туралы пікір жібере аласыз.

Google
1600 Amphitheatre Parkway
Mountain View, CA 94043 USA
Телефон: +1 855 696 1131 (АҚШ)
Басқа елдер үшін мына сілтемеге өтіңіз: g.co/FamilyLink/Contact

Google қызметі балаңыздың деректерін қалай жинап, пайдаланатыны туралы сұрақтарыңыз болса, Google-ға және деректерді қорғау жөніндегі қызметкерге хабарласуыңызға болады. Егер жергілікті заңға сай құқықтарыңызға қатысты сұрақтарыңыз болса, жергілікті деректерді қорғау ұйымына хабарласуыңызға да болады.

Google қолданбалары
Негізгі мәзір